• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы  №252

244 рет
көрсетілді

2015 жылғы 19 желтоқсан, Алматы қаласы Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін. 2.Мыналардың: 1) «Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 244 қаулысының(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5991 тіркелген); 2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9796 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 10-тармағының күші жойылды деп танылсын. 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1)Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2)осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4.Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 5.Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін. 6.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19желтоқсандағы № 252 қаулысымен бекітілген Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары 1. Осы Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – БҚР туралы заң) 49-1-бабына сәйкес әзiрлендi және қор биржасында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды. 2. Қор биржасының Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және қор биржасының органдары, бөлімшелері мен қызметкерлері тәуекелдерді басқару саласында өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін жағдай жасайды. 3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) баға тәуекелі – қор биржасының меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін қаржы нарықтарындағы жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын, қаржы құралдары құнының өзгеру салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі; 2) бедел тәуекелі – жағымсыз қоғамдық пікір немесе қор биржасына деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі; 3) бэк-тестинг – қор биржасы бойынша тарихи деректерді пайдаланумен және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері; 4) валюталық тәуекел – қор биржасы өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі валюталар бойынша позицияларды құндық мәнде қайта бағалаудан туындайды; 5) корпоративтік басқару – қор биржасының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, қор биржасының жоғарғы органы, басқару органы, атқарушы органы және өзге де органдары арасындағы өзара қарым-қатынастар кешенін білдіретін және акционерлерге қор биржасының қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасау мүмкіндігін беретін қор биржасын стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі; 6) кредиттік тәуекел – серіктестің своптар, опциондар, форвардтар және кредиттік тәуекелге ұшырайтын өзге қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты және осы бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары бойынша есеп айырысуды реттеу кезеңінде туындайтын шығындар тәуекелі кіретін, эмитенттің бағалы қағазды шығару талаптарында белгіленген мерзімде негізгі борышты және бағалы қағазды ұстаушыға тиесілі сыйақыны төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi; 7) құқықтық тәуекел – қор биржасының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, оның ішінде қор биржасының ішкі құжаттары БҚР туралы заңның 83, 84, 85, 86, 87, 88 және 89-баптарының талаптарына сәйкес келмеу, қор биржасының қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеу, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қарым-қатыстарда – басқа мемлекеттер заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі; 8) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, қор биржасының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат; 9) операциялық тәуекел – ішкі процестерді жүзеге асыру барысында қызметкерлер тарабынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің, сауда жүйесінің жұмыс істеу нәтижесінде, сондай-ақ сыртқы оқиғалардың салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі; 10) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелі – қор биржасының өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтiмдiлiгiн жоғалту тәуекелі олардың төмен шығасылармен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу мүмкіндігімен айқындалады; 11) «stop-loss» лимиттері – меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі; 12) стресс-тестинг – қор биржасының қаржылық жай-күйіне қор биржасының қызметіне әсерін тигізетін ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті ықпалын өлшеу әдістері; 13) стресстік жағдайлар – сауда-саттықты жүзеге асыру барысында қор биржасының сауда жүйесінің жұмысында шамадан артық жұмыс істеудің, іркілістердің, қателіктердің және (немесе) өзге ақаулардың кездейсоқ туындау жағдайлары; 14) «take-profit» лимиттері - меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің шекті жол берілетін деңгейі бойынша лимиттерді белгілеу саясаты; 15) тәуекелдерді басқару жүйесі - төрт негiзгi элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі кiретiн процесс; 16) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; 17) ішкі аудит қызметі - Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор биржасының бөлімшесі; 18) ішкі бақылау жүйесі - қор биржасының рентабельдіктің және Қазақстан Республикасының заңнамасын, қор биржасының саясатын, ішкі қағидалар мен рәсімдерді сақтауға, шығындар тәуекелін немесе қор биржасының бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдаудың ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі; 19) ішкі құжаттар - қор биржасы, оның органдары, бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар. 4. Қор биржасы жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қор биржасының тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөнінде есеп береді. 5. Баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, қор биржасы қаржы құралдарына инвестициялаған активтер бойынша валюталық тәуекел жөніндегі стресс-тестинг Қағидаларға 2-қосымшаның 1, 2 және 3 нысандары бойынша кемінде тоқсанына бір рет есептеледі. 6. Сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг қор биржасының сауда жүйесін стресстік жағдайларды және сауда жүйесінің элементтері қызмет ету параметрлерін, оның ішінде жүйелік біріктіргіштерді, операциялық жүйені, деректер базасын, сауда жүйесіне авторластыру (қол жетімділік) деңгейін, пайдаланушылар санын, ақпараттар ағымын, сауда-саттық көлемін, тоқсанына бір реттен жиі емес негізгі және (немесе) қосалқы серверге жүктемені қоса алғанда, жинақтауға, құрамдауға және модельдеуге тестілеу жолымен жүргізіледі. 7. Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша операциялық тәуекел бойынша стресс-тестингті қор биржа уәкілетті органға есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. 8. Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы қор биржасы қызметінің корпоративтік басқару, лицензияланатын қызмет түрі шеңберінде операциялар жүргізу практикасының болу, сауда жүйесінің жұмыс істеу жөніндегі талаптарға сәйкес келуін көздейді. 9. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жүйесі мынадай бағыттарды қамтиды: 1) қаржы құралдарымен сауда-саттық барысын ұйымдастыру, жүргізу және басшылық ету; 2) қор биржасының мүшелері мен эмитенттер беретін ақпаратты жинау, енгізу, сақтау және тарату; 3) сауда-саттықты ұйымдастыру барысы кідіріссіз, үзіліссіз болуын қамтамасыз ету мақсатында, сауда жүйесіне тұрақты мониторинг жүргізу; 4) сауда-саттықты ұйымдастыру барысында пайдаланылатын қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуінің аудиті; 5) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру; 6) сауда-саттық, бағамдар, бағалар, индекстер, индекстің есептік базасы бойынша ақпаратты жинау, енгізу және сақтау; 7) қор биржасының меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялау; 8) қор биржасын басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын құру және жетілдіру; 9) ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту; 10) қор биржасының мүдделі органдары шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты беру және қор биржасының органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасу; 11) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі саясатта белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг; 12) қор биржасының мүшелерімен және трейдерлермен жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындау, оның ішінде дауларды қарау мен шешу бойынша рәсімдерді анықтау, сондай-ақ қор биржасының мүшелері мен трейдерлер өздерінің міндеттерін орындамаған жағдайда, тиісті шараларды қолдану. 10. Тәуекелдерді басқару жүйесі мына ішкі құжаттардың болуын көздейді, бірақ олармен шектелмейді: 1) қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты; 2) қор биржасының меншікті активтерін инвестициялау тәртібі; 3) ішкі бақылау мен ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері; 4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдер; 5) қор биржасында орын алған және потенциалды мүдде қақтығысын басқару рәсімі; 6) қор биржасының басшылары мен өзге қызметкерлері инсайдерлік ақпаратты қолдануын болдырмауға бағытталған рәсімдер; 7) қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі; 8) сауда жүйесінің пайдаланушыларын аккредиттеудің (сертификаттаудың) тәртібі мен талаптары; 9) қор биржасының ақпараттық саясаты; 10) техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық. 11. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты мыналарды айқындайды: 1) тәуекелді басқару жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің, басқармасының, жауапты бөлімшесінің және басқа бөлімшелерінің тәуекелді басқару саласындағы өкілеттігі мен функционалдық міндеттемелерді, сондай-ақ осы органдар және бөлімшелер арасында ақпаратпен алмасу тәртібін; 2) қор биржасының қызметімен және оның сауда жүйесі жұмыс істеп тұруымен байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау бойынша рәсімдерді, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәнін анықтау бойынша рәсімдерді; 3) қор биржасының қызметі және оның сауда жүйесінің қызмет ету процесінде туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды; 4) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдердің тиімділігі мониторингінің, қор биржасының тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері мен тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды бағалаудың бірдейлігінің тетігін; 5) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерге және осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген шараларға сәйкес келмеген жағдайда қолданылатын шаралар тиімділігі мониторингін жүргізу тетігін; 6) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдердің мониторингі, бағалау және бақылау бойынша рәсімдерді, оның ішінде: қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша қор биржасының басқа бөлімшелерімен бірігіп қабылдайтын шаралар; тәуекелдер туындауының жиілігін бағалауды, осы тәуекелдер әкеп соққан ықпалды кейінен бөлуді және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерін белгілеуді қоса алғанда, қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалау; тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері мен осындай көрсеткіштердің барынша рұқсат етілген мәндері өзгеруінің мониторингін қоса алғанда, қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдердің, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштері мәндерінің тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қолданылатын шаралардың мониторингі; зиянға ұшырауға әкеп соғатын және (немесе) қор биржасының бедел және құқықтық тәуекеліне әсер етуге ықпал ететін кез келген маңызды жағдайлар жөнінде директорлар кеңесіне дереу есептілікті беру тетігі. 12. Қор биржасының меншікті активтерін инвестициялаудың тәртібінде меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі, меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру процесінде қолданылатын құжаттардың үлгі нысандары белгіленеді және мыналар бойынша рәсімдер сипаттамасын қамтиды: 1) қор биржасының меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу; 2) қор биржасының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар дайындау, онда мыналар көзделген: ұсынымдар беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесі; инвестициялық портфельдің жай-күйін талдауды жүзеге асыру тәртібі; инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары айналымының және кірістілігінің болуын, талаптарын талдауды жүзеге асыру тәртібі; инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртібі; ұсынымдарды беру үшін маңызды факторларды талдауды жүзеге асыру тәртібі; 3) инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасын, отырыстардың өткізу және нәтижелерін рәсімдеу кезеңдігін қамтитын қор биржасының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау; 4) инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау процесінде қор биржасының органдары мен бөлімшелерінің өзара әрекеттесу; 5) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау және көмек көрсету арқылы мәміле жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара іс-қимыл ету процестерінің сипаттамасы бар олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мәмілелер жасауға бақылау, активтердің құрамын және қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің ішкі есепке алуын және құжат айналымын жүргізу, сондай-ақ меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі; 6) қор биржасының басқармасы меншікті активтер есебінен жасалған қаржы құралдарымен операциялар жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға дайындау. 13. Меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды қамтамасыз ету мақсатында, қор биржасы мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлейді: 1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы; 2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі; 3) қаржы құралдарының түрлері және ашық валюталық позиция үлесі бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері; 4) меншікті активтер есебінен жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты бекітілген талаптар мен шектеулер; 5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптары; 6) меншікті активтерді инвестициялауға байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат. 14. Қор биржасының меншікті активтерін инвестициялаудың саясатын және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қор биржасының директорлар кеңесі бекітеді. 15. Ішкі бақылауды және ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері: 1) ішкі аудит қызметінің құрамын, оның функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін; 2) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды; 3) ішкі аудит пен ішкі бақылаудың мәнін және объектін; 4) ішкі аудит қызметінің тексеру жүргізу ауқымын және жиілігін; 5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бағалау жүйесін; 6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды; 7) ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есепті қор биржасының директорлар кеңесіне ұсыну мерзімдерін және нысанын айқындайды. 16. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді: 1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) 4-бабының 1-тармағында белгіленген операциялардың бір түріне сәйкес келетін жағдайда, Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес клиенттерді сәйкестендіру және олардың операцияларына мониторинг жасау; 2) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы, оның ішінде күмәндіоперациялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру. 17. Қор биржасы қызметін жүзеге асыру барысында оның органдарымен және (немесе) бөлімшелері арасында туындайтын қор биржасында орын алған және потенциалды мүдделер қақтығысын басқару рәсіміне мыналар кіреді: 1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған қор биржасының органдары шешім қабылдау рәсімдері: қор биржасы органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдердің тәуелсіздігін; қор биржасы органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдерге мүдделі болмауын; қор биржасы органдары мүшелерінің және қызметкерлерінің қор биржасы органдарының отырыстарын жүргізу барысында алынған ақпаратты тұлғалардың көпшілік тобының арасында осы ақпаратты ресми жария еткенге дейін оны өзінің жеке мақсатында не үшінші тұлғалардың мүддесіне қолдануларын шектеу; 2) қор биржасы органдарының отырыстарын жүргізу қорытындысы бойынша хаттамаларды міндетті жасау мен сақтау бойынша талаптар; 3) қор биржасының бөлімшелері арасында, қор биржасының органдары мен бөлімшелері арасында, қор биржасының органдары арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттау; 4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында қор биржасы жүргізетін іс-шаралар, сондай-ақ әлеуетті мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шаралары. 18. Инсайдерлік ақпаратты қор биржасының басшылары мен өзге қызметкерлері қолдануларын болдырмауға бағытталған рәсімдер мынаны қамтиды: 1) инсайдерлік ақпаратты өзінің мүддесі немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде қолданумен мәмілелерді жасауды болдырмауды; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік және оған негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруді және тұлғалардың көпшілік тобы арасында оны таратуды болдырмауды; 3) қор биржасы қызметкерлерінің инсайдерлік ақпаратқа негізделген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы ұсынымдарды үшінші тұлғалар беру мүмкіндігін шектеуді. 19. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп беруді жүзеге асыру тәртібі мыналарды көздейтін рәсімдердің сипаттамасын қамтиды: 1) қор биржасында айналымға жіберілген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді ұйымдастыру мен жүзеге асыруды; 2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептесуді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды дайындауды; 3) қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуін мәмілелер бойынша есептесуді жүргізу жүйесінде қателер мен техникалық жаңылулар болуына мониторингі және тестілеуді; 4) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыру процесінде сауда-саттық қатысушылары мен қор биржасы арасындағы мәселелерді шешудің тәртібін. 20. Қор биржасының сауда жүйесінің пайдаланушыларын аккредиттеу (сертификаттау) тәртібі мен талаптарына мыналар кіреді: 1) қор биржасының сауда жүйесінің пайдаланушыларының функционалдық міндеттеріне қарай жекелеген санаттарын айқындау; 2) қор биржасының сауда жүйесі пайдаланушыларының жекелеген санаттарының әр қайсысына аккредиттеуден (сертификаттаудан) өту талаптарын белгілеу; 3) сауда-саттық жүйесінің пайдаланушыларын қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүргізу. 21. Қор биржасының ақпараттық саясатына мыналар кіреді, бірақ онымен шектелмейді: 1) қор биржасының эмитенттермен және қор биржасы мүшелерімен, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тәртібі; 2) қор биржасының беделіне ықпал ете алатын ақпараттың тұрақты мониторингі бойынша талаптар; 3) қор биржасының беделіне зиян әкелетін ақпарат пайда болған және таратылған жағдайда, қажетті шараларды қолдану бойынша талаптар. 22. Кауіпсіздік техника жөніндегі нұсқаулық мыналарды қамтиды: 1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптарды; 2) төтенше және күтпеген жағдайлар туындау жағдайында қор биржасы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің сипаты бар, төтенше және күтпеген жағдайлар туындау жағдайындағы іс-әрекеттер жоспарын; 3) қор биржасының қызметкерлері бағдарламалық-техникалық кешенін және өзге жабдықты пайдалану тәртібін; 4) қор биржасының үй-жайлары жабылу алдында қараудың жүйелілігі. 23. Қор биржасының қызметін жүзеге асыру барысында органдары мен (немесе) бөлімшелерінің арасында туындайтын орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару мақсатында, қор биржасы мынадай шараларды қолданады: 1) мүдделер қақтығысы орын алған немесе ол туындауы ықтимал бөлімшелердің қор биржасының түрлі басшыларына есептілігін қамтамасыз етіледі; 2) орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын ескеріп, қор биржасының бөлімшелері мен органдары арасында ақпаратты алмасу тәртібі әзірленеді және енгізіледі; 3) ішкі аудит қызметі қор биржасының бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызметін қор биржасы қабылдаған орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдеріне сәйкес келуін тексеруді үнемі жүзеге асырады. 24. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы мен қызметкерлері жоғары білімді, кәсіби біліктілігі және тәуекелдерді басқару саласында жұмыс үш жылдан кем емес тәжірибесі бар болады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама бойынша білімдері болуы қажет. 25. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшылары мен қызметкерлеріне қосымша қойылатын талаптарды қор биржасы белгілейді. 26. Ішкі аудит қызметінің басшылары мен қызметкерлеріне бір уақытта қор биржасының басқа бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ қор биржасы органдарының функциялары жүктелмейді. 27. Ішкі аудит қызметінің басшылары мен қызметкерлерінде жоғары білімі бар, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы, оның ішінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы бойынша білімдері бар, кәсіби біліктілігіне ие, қаржылық қызметті ұсыну мен реттеу саласында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі (тәжірибесі) бар, сонымен қатар экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы жемқорлық және өзге қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ. 28. Қор биржасының директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін тағайындайды. 29. Қор биржасы өзінің қызметінде тәуекелдердің мынадай түрлерін жіктейді және сәйкестендіреді: 1) операциялық тәуекелдерді; 2) құқықтық тәуекелдерді; 3) бедел тәуекелдерін; 4) бағалық, валюталық және пайыздық тәуекелдерді; 5) өтімділік жоғалту тәуекелдерін; 6) тәуекелдерді басқару бойынша қор биржасының саясатына сәйкес өзге тәуекелдерді. 30. Операциялық тәуекелдерге мыналармен байланысты тәуекелдер кіреді: 1) жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік пен басқарудың құрылымын қоса алғанда, қор биржасының айқындалмаған және тиімсіз ұйымдастырушылық құрылымымен; 2) ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегиялармен, саясатпен және (немесе) стандарттармен, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданудағы кемшіліктермен; 3) қор биржасының қызметкерлерін тиімсіз басқарумен және (немесе) оның біліктіліксіз штатымен; 4) қор биржасының сауда жүйесін рұқсатсыз пайдаланумен және қор биржасындағы сауда-саттық процесіне қатысушы-трейдерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігіне не қор биржасының сауда-жүйесінде олар мәмілелерді жасағанда қателіктерді жібергендерімен; 5) қор биржасы қызметін жүзеге асыру процестерінің жеткіліксіз тиімді құрылымымен не ішкі ережелерді сақтаудың нашар қадағалауымен; 6) қор биржасының қызметіне күтілмеген және бақыланбаған сыртқы факторлардың әсерімен; 7) қор биржасының қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарда (ережелерде) кемшіліктер мен қателердің бар болуымен; 8) қаржы құралдарымен сауда-саттық процесі бұзылуына және қор биржасында операцияларды жүзеге асырумен; 9) қор биржасының мүшелері мен эмитенттері беретін конфиденциалды ақпаратты заңсыз қолданумен; 10) қор биржасындағы органдары мен бөлімшелері арасында мүдделер қақтығысы туындауымен; 11) ақпаратты жинаумен, енгізумен, сақтаумен және таратумен байланысты қателер туындауымен; 12) қаржы құрылдарының құны мен кірістілігін бағалауды және олар бойынша есептесуді жүзеге асыруды көздейтін қор биржасының әдістемелерінде барынша дәл есептесуді жеткіліксіз жүргізумен; 13) қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуі жұмыс істеуінде қателер мен жаңылу туындау ықтималымен; 14) қор биржасы қызметі кезінде жетілмеген технологияларды пайдалану салдарынан, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу, есептесуді жүргізу, қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша және жүйелі басқару функцияларын орындау процестерін қоса алғанда, зиян пайда болу ықтималымен; 15) потенциалды тәуекелдер ретінде қор биржасы сәйкестендіретін өзге жағдайлармен. 31. Қор биржасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі (заң бөлімшесі) қор биржасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуынан, оның ішінде қор биржасының ішкі құжаттары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмегенде, қор биржасының қызметінің практикасы оның ішкі құжаттарына сәйкес келмегенде туындайтын құқықтық тәуекелдерді реттеуді мыналар арқылы қамтамасыз етеді: 1) қор биржа қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасына, қор биржасының ішкі ережелері мен рәсімдеріне және келісім қатынастарының талаптарына сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру; 2) қор биржасында сауда-саттықты өткізу процесінде қор биржасы мүшелерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында, қор биржасының ішкі ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру; 3) қор биржасының персоналын тұрақты негізде қор биржасының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру; 4) қор биржасының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасы өзгеруіне байланысты, қор биржасының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы тәуекелдері туындау мүмкіндігін бағалауды өткізу. 32. Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және бақылау процестерінің мақсаты болып мыналар табылады: 1) сәйкес келтірілмеген тәуекелдер мен қауіпті алдын ала анықтау; 2) тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген міндерін бағалау сапасын көтеру; 3) тәуекелдерді бақылаудың баламалы механизмдерін дамыту; 4) тәуекелдерді барынша төмендету мен басқару бойынша уақтылы іс-шараларды қабылдауды қамтамасыз ету; 5) тәуекелдерді басқару бөлімшесін қоса алғанда, қор биржасының жекелеген бөлімшелерін тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау процесіне тарту, сонымен қатар, тәуекелдерді басқару саласында қор биржасы қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру. 33. Тәуекелдерді сәйкестендіру рәсімі қор биржасының бөлімшелері қызметінің түріне байланысты тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірге қор биржасының әр бөлімшесі жүзеге асыратын мұқият шолу мен мониторингке негізделеді. 34. Сәйкестендіру тәуекелдері мына сипаттар бойынша талданады: 1) тәуекелдердің басталу жиілігі; 2) тәуекелдің әсер ету көлемі. 35. Талдаудың нәтижесі негізінде тәуекелдер шекті ретінде айқындалған тәуекелдер көрсеткіштерінің мәніне қатысты қабылданатын және қабылданбайтын ретінде дифференциалданады. 36. Тәуекелдерді бағалау мен бақылау нәтижелері қор биржаның толық қызметіне сияқты жеке қызмет түріне де тәуекел көрсеткішінің сандық мәнін айқындау үшін қолданылады. 37. Тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәні тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәнін, белгіленген шектеулі көрсеткіштеріне тәуекелдердің сәйкестігін, сондай-ақ белгіленген шектеулі көрсеткіштерге сәйкес келмейтін тәуекелдерді барынша төмендету мен басқару үшін тиісті шешімдерді қабылдау қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. 38. Қор биржасының жекелеген қызметіне тән тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін осы қызметті жүзеге асыратын қор биржасының бөлімшелері тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірігіп есептейді. 39. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі қор биржасында қаржылық құралдармен сауда-саттық процесі бұзылуына әкелген техникалық жаңылулар мен өзге жағдайлар туралы директорлар кеңесі мен басқармаға хабарлайды. 40. Қор биржасының директорлар кеңесі қаржылық құралдармен сауда-саттық процесі бұзылуына әкелген техникалық жаңылулар мен өзге жағдайлар туралы ақпаратты ол жағдай басталу күнінен кейінгі күні ішінде уәкілетті органға беруді қамтамасыз етеді. 41. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі тәуекелдер басталу жағдайларының саны және тәуекелдер басталу нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшері туралы ақпаратты директорлар кеңесі мен басқармаға тоқсан сайын жасайды, тәуекелдер мен олар басталудан болған салдарды барынша төмендету бойынша іс-шаралар жоспарын береді. 42. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін бағалау бойынша әзірлеген қорытындысының негізінде қор биржасының басқармасы директорлар кеңесі бекітетін тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәнін айқындайды. 43. Жаңа тәуекелдер пайда болған жағдайда және тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәніне сәйкес келмеген жағдайда, тәуекелді сәйкестендірген және (немесе) осы сәйкессіздікті анықтаған қор биржасының бөлімшесі директорлар кеңесіне және басқармаға ол туралы хабарлайды. 44. Тәуекелдерді бағалау нәтижесінің негізінде оларды барынша төмендетуге бағытталған ықтимал іс-шаралар анықталады. 45. Тәуекелдерді барынша төмендету тәуекелдер көрсеткіштері тәуекелдер көрсеткіштерінің шекті мәнінен асып түскен жағдайларда қажетті болып табылады. Тәуекелдерді барынша төмендету мына іс-шаралармен шектелмей жүзеге асырылады: 1) ішкі бақылау жүйесін енгізу, тәуекелдерге мұқият мониторинг жүргізу мен қадағалауды жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру; 2) қор биржасының қызметі процесінде қор биржасының органдары қабылдайтын сол және өзге шешімдерге тән тәуекелдер туындаған жағдайда, зиянды сәйкестендіру мен барынша төмендету бойынша рәсімдерді жетілдіру; 3) трейдерлер болып табылмайтын, бірақ осындай лимиттерді белгілеуге уәкілетті тұлғалар қор биржасындағы сауда-саттық процесіне қатысушылар - трейдерлер үшін қаржы құралдары бойынша лимиттерді белгілеуді көздейтін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді қор биржасының енгізуі; 4) сауда-саттықты ұйымдастыру процесінде екі жылда бір реттен сирек емес қолданылатын қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуіне аудитті жүргізу. 46. Директорлар кеңесі тәуекелдер туындауы бойынша есептілікті беру тәртібін бекітеді, оның мақсаты болып мыналар табылады: 1) тәуекелдер туындау салдарынан болған шығындар туралы ақпараттық базаны құру; 2) тәуекелдер туындау нәтижесінде болған нақты зиян туралы ақпаратты талдауы арқылы тәуекелдерді басқару мен барынша төмендету процестерін жетілдіру; 3) тәуекелдер туындау нәтижесінде пайда болатын зиянның құнын кезеңді бағалауды жүргізу; 4) тәуекелдер туындауының маңызды жағдайларына уақтылы және тиісті ден қоюды қамтамасыз ету; 5) деректерді жинау мен енгізу жөніндегі рәсімдерді толық үйлестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпаратты қайталау және (немесе) жіберіп алу бойынша қателерді болдырмау. 47. Қор биржасының меншікті активтерін тиімді инвестициялауды қамтамасыз ету мақсатында, тоқсанына бір реттен жиі емес мыналар жүргізіледі: 1) эмитенттің қаржылық жай-күйін талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына, оның активтері құнының одан әрі өсу потенциалына, қабылданған міндеттемелер бойынша жауап беру қ